«Құжаттардың бірыңғай электронды архиві» АЖ жұмысы бойынша Қостанай аудандық мемлекеттік архивіндегі семинар

«Құжаттардың  бірыңғай электронды архиві» АЖ жұмысы бойынша Қостанай аудандық мемлекеттік архивіндегі семинар

Қостанай аудандық мемлекеттік архивінде 2020 жылдың  25 қыркүйегінде Қостанай ауданы мемлекеттік органдарының ведомстволық архивтерінің мамандары  үшін (15 адам) «Құжаттардың  бірыңғай электронды архиві» АЖ жұмысы бойынша   оқыту семинарлары  өткізілді.

Семинар барысында Қостанай ауданы  маслихатының, аудан әкімдігінің және оның бөлімдерінің жауапты мамандарына «Құжаттардың  бірыңғай электронды архиві» АЖ жұмысы бойынша архивист Жоламанова М. Б. теориялық материалдар ұсынып,  аталған  жүйеге ақпараттар енгізу жөнінде тәжірибелік сабақтар өткізді. Семинарлар диалог форматында өтті. Ұйымдастырушылар мен тыңдаушылар арасында проблемалық сұрақтар көтерілді, оларды шешу әдістері анықталды. Бұдан былай осы ақпараттық жүйені толықтыру мәселелері бойынша аудандық архив пен бөлім мамандары арасында болатын  өзара әрекеттердің жолдары анықталды. Сонымен қатар, бөлім  мамандарының аталған ақпараттық жүйені үйренуге  үлкен жауапкершілікпен қарауларын ерекше атап өтуге болады. Оны кейбір ұйымдардың жауапты мамандарының ақпараттық жүйеге ақпараттар енгізуді бастап кеткендерінен көруге болады.