Мемлекеттік мекемелеріндегі семинарлар

Мемлекеттік мекемелеріндегі семинарлар

2025 жылдың 17 мамырында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында «Қостанай облысының мемлекеттік архиві» КММ ведомстволық архивтермен жұмыс жасау және жинақтау бөлімінің біліктілігі жоғары деңгейдегі маман-архившісі Жанар Қасқырбаевна Кубекова «Істер номенклатурасын жасау тәртібі. Істерді қалыптастыру және сақтау» тақырыбына оқыту семинарын өткізді. Маман ұжымды архив ісі және іс жүргізу мәселелері бойынша негізгі нормативтік-әдістемелік құжаттарға енгізілген өзгерістермен таныстырды. Сондай-ақ, семинарда ұйымның істер номенклатурасын ресімдеу, жасау және келісу мәселелері қаралды. Семинар соңында колледждің құрылымдық бөлімшелері басшыларының жеке сұрақтарына толық жауаптар берілді.