Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архиві Халықаралық архивтер күніне арналған Ашық есік күнің өткізу туралы

Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архиві Халықаралық архивтер күніне арналған Ашық есік күнің өткізу туралы

2025 жылғы 10 маусымда Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архивінің  Халықаралық архивтер күніне арналған Ашық есік күнін  өткізді. Бұл күні Әулиекөл аудандық кітапханасының қызметкерлері архивке келді.

          Ашық есік күнін  өткізу барысында қонақтардың алдында Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архивінің басшысы Омарова С.Ө. сөз сөйледі, ол қатысушыларды Халықаралық архивтер күнің мерекелеу тарихымен таныстырды.

          Содан соң архивист О.Шокутбаева Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Олардың есімдері ғасырлар бойы қалады» атты фотоқұжаттық көрменің тұсау кесерін ұсынды. 

Көрме Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архивінің  құжаттары бойынша дайындалған, онда Әулиекөл ауданының Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жеке тектік құжаттары ұсынылған. Көрме көлемі 63 экспонатты құрайды.

          Архивист А.Ғ.Комомбаева архив қоймалары бойынша экскурсия өткізді, ол қорларды қалыптастыратын құжаттар туралы айтып, істер байламдарының қалай көрінетінін көрсетті.

          Қонақтар архив қызметкерлеріне жылы қабылдағаны үшін, бірегей және қызықты көрме мен экскурсияға алғыс айтты, олар өздері үшін архивтің жұмысы тураплы өте қызықты және маңызды ақпарат алғанын атап өтті. Сонымен қатар олар архивке жеке тектік құжаттарды тапсыру ережелерге қызығушылық танытты.