2025 жылғы 09 маусымда "Сарыкөл Өңірлік мемлекеттік мұрағаты" КММ-нің филиалында Халықаралық мұрағаттар күніне орайластырылған "Ашық есік күні" өтті. Іс-шара барысында архив қоймасы бойынша шолу экскурсиясы, "Халықаралық Архивтер күнін құру туралы"дәрісі өткізілді,фотоқұжаттық көрмелер, жеке текті қорлар ұсынылды. Архивистер келушілерді оқу залындағы жұмыстармен, архивтерді жинақтаумен, құжаттарды цифрландырумен, "ЕЭАД" АЖ-не мәліметтер енгізумен, "Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру "мемлекеттік қызмет көрсетумен таныстырды. Ашық есік күні Сарыкөл мұрағатының 02.04.2025 жылғы басшысымен бекітілген жоспарға сәйкес өткізілді.