2025 жылғы 02 маусымда «ҚОМА» КММ «Лисаков өңірлік мемлекеттік архиві» филиалында қала тұрғындары мен қонақтары үшін халықаралық архив күніне арналған «Архив- история, уходящая в века» тақырыбына «Ашық есік күні» өтті.
Басшы мемлекеттік сақтаудағы архивті құжаттардың тарихи маңыздылығы туралы айтып, құжаттарды сақтау шарттарымен таныстырды, ең қызықты құжаттарды көрсетті. Архивистер архивтердің, соның ішінде Лисаков өңірлік мемлекеттік архивның пайда болу тарихы туралы айтып берді. Сондай-ақ, «Менің Лисаковым», «Бір жеңіс бәрінде» көрмелерімен танысты, келушілерге ведомстволық архивтермен жұмыс, архивті құжаттармен толықтыру мәселелері бойынша кеңес берді, «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша кеңес берді.
Келушілер архив тек шаңды қағаз емес, бұл біздің қаламыздың қолымен салынған өмірдің дәлелі екенін түсінді.