Ұлы Отан соғысының ардагерлері А.Н. Афанасьев пен В.Ф. Бубенчиковқа арналған «Олар Жеңіспен оралды» атты сабақ-дәрісі

Ұлы Отан соғысының ардагерлері  А.Н. Афанасьев пен В.Ф. Бубенчиковқа арналған «Олар Жеңіспен оралды» атты сабақ-дәрісі

2025 жылғы 16 мамырда Қостанай ауылшаруашылық колледжінде 1П, 1М және 1 В топтары студенттерінің қатысуымен Ұлы Отан соғысының ардагерлері А.Н.Афанасьев пен В.Ф. Бубенчиковқа арналған «Олар Жеңіспен оралды» атты дәріс өткізілді. Дәріске 32 студент қатысты.

Іс-шара соғыс ардагерлері Александр Николаевич Афанасьев пен Виктор Федорович Бубенчиковтың қайтыс болғанына 45 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Қостанай аудандық мемлекеттік архивінің архившісі Ж.К. Жангужина студенттерді ардагерлердің өмірбаянымен, олардың Жеңіске және соғыстан кейінгі жақсы тұрмысқа қосқан үлестерімен таныстырды.

Студенттер соғыс туралы естеліктер мен Бубенчиковтар отбасының деректі альбомдарына ерекше қызығушылық танытты.