Тобыл қ. № 2 жалпы білім беретін мектептегі мектеп сабағы «Ұлы Отан соғысының ардагерлері Т.Ә. Әбеновтың, И. В. Сурковтың, И. Н. Поляковтың туғанына 100 жыл»

Тобыл қ. № 2 жалпы білім беретін мектептегі мектеп сабағы «Ұлы Отан соғысының ардагерлері Т.Ә. Әбеновтың, И. В. Сурковтың, И. Н. Поляковтың туғанына 100 жыл»

2025 жылғы 19 мамырда Тобыл қаласындағы № 2 жалпы білім беретін мектепте «Ұлы Отан соғысының ардагерлері Т.Ә. Әбенов, И.В. Сурков, И.Н. Поляков туғанына 100 жыл» атты мектеп сабағы өткізілді.

          Сабақтын мақсаты: ел тарихын еске алу, халықтың қаһармандық әрекеттерін еске алу мәселелеріне назар аудару.

          Сабаққа 8 сынып оқушылары, сынып жетекшісі  қатысты. Балаларға  қордан құжаттар ұсынылды - ҰОС ардагерлері Телғара Әбенұлы Әбенов, Иван Владимирович Суров және Иван Никтович Поляковтың жеке текті құжаттар жинағы: фотосуреттер, құрмет грамоталары ордендер мен медальдарға куәліктер.

          Балалар соғыс туралы және біздің аталарымыз бен арғы аталарымыз бұл жеңісті теңдесі жоқ ерлікпен, орасан зор құрбандықтар мен керемет рух күшінің нәтижесінде қаншалықты еңбекпен алғанын қызығушылықпен тыңдады.

          Сабақта оқушылардың назары біздің Отанымызды сүюге баулу, туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, оны қорғауға үлес қосу екендігіне аударылды,  туған жеріміздің тарихын білу біздің парызымыз.

Бүкіл жер бетінде бейбітшілік болсын!