2026 жылғы 20 сәуірде Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өткізілді

2026 жылғы 20 сәуірде Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өткізілді

2026 жылғы 20 сәуір күні Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өткізілді. 

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов ҚР Үкіметінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді.

Онда референдумда қабылданған Конституцияның нормаларын сапалы және жедел енгізуді қамтамасыз ету үшін "Заң мен Тәртіп" қағидатын бекіту мәселелері қаралды. 

"Мемлекет басшысы өткен жылдың соңында "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Заңға қол қойды. Осы Заңға сәйкес құқық бұзушылықтардың алдын алуға жауапты субъектілерінің тізбесі мен Ведомствоаралық комиссияның құрамы кеңейтілді. 

Сонымен қатар жалпыхалықтық референдумда қабылданған Конституцияда құқықтық мемлекетті нығайтуға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және кез келген құқық бұзушылыққа "мүлдем төзбеушілікті" орнықтыруға бағытталған "Заң мен Тәртіп" үстемдігі негізгі қағидаттардың бірі ретінде көрініс тапқан. Заңнамалық деңгейдегі жаңалықтардың бірі - құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарына барлық мемлекеттік органдарды, азаматтарды және жергілікті қоғам өкілдерін тарту. Бұл - баршамызға ортақ міндет", - деді Олжас Бектенов.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасы мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының құқық бұзушылықтардың алдын алудың тұтас жүйесін қалыптастырудағы күш-жігерін шоғырландыруға бағытталған.

Тиісті іс-қимыл жоспары шеңберінде бірқатар шаралар қабылданды:

  • 2026 жылғы 2 наурыздан бастап "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" жаңа заң күшіне енді.
  • Интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мақсатында ұялы байланыс абоненттерін биометриялық сәйкестендіру енгізілді, сондай-ақ БҰҰ-ның Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі конвенциясына қол қойылды. 
  • Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жоспары және агрессорларға психологиялық көмек көрсету Ережелерді бекітілді. Өткен жылы 1 мыңға жуық азаматқа психологиялық түзету тағайындалады. 
  • Сталкинг пен некеге мәжбүрлегені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді.
  • Электрондық білезіктерді қолдана отырып, бұрын сотталған адамдардың мінез-құлқына бақылауды күшейту жолымен рецидивтік қылмыстың алдын алу шаралары жүзеге асырылды. 

Жаңа форматтарды енгізу және заңнаманы жетілдіру Қазақстанда қылмыс деңгейінің өткен жылы 6 %-ға, осы жылдың 1 тоқсанында 9 %-ға төмендеуіне ықпал етті.