
"Заң мен Тәртіп" тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Профилактикалық жұмысты үйлестіру комитеті Басқару колледжі студенттерімен кездесуді өткізді.
Ашық диалог барысында Комитет қызметкерлері жастармен қазіргі қоғамды толғандыратын өзекті мәселелерді талқылады.
Әсіресе, есірткі заттарының заңсыз айналымына және дропперлікке байланысты құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікке, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының алдын алу мен электр самокаттарын қауіпсіз пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактика шаралары жеке бөлім ретінде қарастырылды.
Сонымен қатар, студенттерге профилактикалық сипаттағы бейнероликтер көрсетіліп, көрермендер арасында қызығушылығын тудырды.
Кездесу белсенді диалог форматында өтті: студенттер оларды қызықтырған сұрақтарды спикерлерге қойып, қолданыстағы заңнамадағы өзгерістерді талқылады.
Іс-шара жағымды көңіл күйде аяқталып, студенттерге естелік сыйлықтар табысталды.