2026 жылғы 10 наурызда Мемлекет басшысы "ҚР Үкімет жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы бойынша Ведомствоаралық комиссия туралы" Жарлыққа қол қойды.

Ведомствоаралық комиссия құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз ететін тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 

Ведомствоаралық комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі болып табылады. 

Ведомствоаралық комиссияның құрамы:

Ведомтсвоаралық комиссияның төрағасы - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, оның орынбасары - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі болып табылады.

Ведомствоаралық комиссияның хатшысы - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Профилактикалық жұмысты үйлестіру комитетінің төрағасы болып табылады.

Құрамына 25 орталық мемлекеттік органның бірінші басшылары кіреді. 

Ведомствоаралық комиссияның негізгі міндеттері:

  • құқық бұзушылықтың профилактикасы субъектілерінің қызметін үйлестіру;
  • құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметінің тиімділігін бағалау;
  • құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;
  • құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы бағдарламалық құжаттардың іске асырылу барысын қарау;
  • құқық бұзушылық профилактикасы шараларын жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу және  қарау;
  • адамның және азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру жөнінде шараларды қабылдау, құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою.