Қазақстан Республикасы
«Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру, 2-кезең» жобасы
ХҚҚДБ № 8277--KZ қарызы
ҰКС атауы: «Ирригациялық каналдарды тазарту үшін арнайы техника мен жабдықтар сатып алу».
ҰКС сәйкестендіру нөмірі: №: KZIDIP-2/G-NCB-01
- Қазақстан Республикасы «Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру, 2-кезең» жобасы бойынша шығыстарды қаржыландыру үшін Халықаралық Қайта Құру және даму банкінің қарыз алды және осы қарыз қаражатының бір бөлігін № KZIDIP-2/G-NCB-01 Келісімшартына сәйкес «Ирригациялық арналарды тазарту үшін арнайы техника мен жабдықтар сатып алу» бойынша төлемдер үшін пайдалану көзделіп отыр.
- Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті сауда-саттыққа қатысуға және қатысушылардың тарапынан ирригациялық арналарды тазартуға арналған арнайы техника мен жабдықтарды жеткізуге жабық конкурстық ұсыныстарды беруге шақырады. Жеткізу мерзімі – 90 күн.
- Конкурстық сауда-саттық Дүниежүзілік Банктің басшылығына сәйкес Ұлттық конкурстық сауда-саттық рәсімдері бойынша өткізілетін болады: Дүниежүзілік банктің қарыз алушыларының ХҚҚДБ қарыздары және ХДҚ кредиттері мен гранттары бойынша тауарларды, жұмыстарды және консультациялық емес қызметтерді сатып алу жөніндегі басшылығы («Сатып алу жөніндегі нұсқаулық», қаңтар 2011 жыл) және «Сатып алу жөніндегі нұсқаулықта» айқындалуына сәйкес сауда-саттықтың барлық заңды қатысушылары үшін ашық. Бұдан басқа, мүдделер қақтығысына қатысты Дүниежүзілік банктің саясаты баяндалған 1.6 және 1.7-параграфтарға жүгінуді сұраймыз.
- Мүдделі заңды сауда-саттыққа қатысушылар Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитетінен толығырақ ақпарат ала алады, Анар Темірбекова - «Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру, 2-кезең» Жобасын басқару тобының сатып алу жөніндегі бас маманы, төмендегі мекен-жай бойынша ресми мерекелерден басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін жұмыс уақытында сағат 09: 00-13: 00 және 14: 30-18: 30 сауда-саттық үшін құжаттаманы e-mail - idip@mail.ru, көшірмесін idip.procurement@gmail.com қабылдайды.
- Орыс тіліндегі сауда-саттыққа арналған құжаттаманың толық жинағы сауда-саттыққа мүдделі қатысушыларға ресми жазбаша Өтінішті мына электрондық мекенжайға idip@mail.ru, көшірмесін idip.procurement@gmail.com өткізгеннен кейін pdf форматында электрондық пошта арқылы жіберіледі.
- Конкурстық ұсыныстар төменде көрсетілген мекен-жайға 2025 жылғы 25 маусым сағат 16:30 кешіктірілмей жеткізілуі тиіс. Сауда-саттықты электрондық формада өткізуге рұқсат етілмейді. Кешіккен конкурстық ұсыныстар қабылданбайды. Конкурстық ұсыныстар Сауда-саттыққа қатысушылардың 2025 жылғы 25 маусымда сағат 16:30-да төменде көрсетілген мекен-жайға бетпе-бет қатысқысы келетін өкілдерінің қатысуымен ашылатын болады.
- Барлық конкурстық ұсыныстар 5 000 000 қазақстандық теңге сомасына сауда-саттыққа қатысу кепілдігімен сүйемелденуі тиіс.
8.Жоғарыда аталған мекен-жай:
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті
Кімге: Анар Темірбекова, Жобаны басқару тобының сатып алу жөніндегі бас маманы
Мекен-жайы: Сығанақ көшесі, 43, «Аңсар» БО
Қабат / кабинет нөмірі: 1208 кеңсе, 12 қабат
Қала: Астана
Пошта индексі: 010000
Ел: Қазақстан Республикасы
Телефон: +7 7172 620-240