Төраға Арсен Жақанбаев 2025 жылғы 18 сәуірде Тараз қаласындағы №66 орта мектепте «Суды үнемде-болашақты сақта!» атты тақырыбында ашық сабақ өткізді. Іс-шараға 8-сынып оқушылары қатысып, еліміздің су ресурстарын сақтау және үнемдеудің маңыздылығымен танысты.
Сонымен қатар, оқушылар суды үнемдеу жөніндегі өз ойларын ортаға салып, «Ашық микрофон» форматында қойылған сұрақтарына жауап алды.