«Экономь воду – сохраняй будущее!»

«Экономь воду – сохраняй будущее!»

«Су үнемде – болашақты сақта!»

Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Арсен Арманұлы Жақанбаев бүгін №76 мектепте ашық сабақ өткізіп, оқушылармен еліміздегі су ресурстарын тиімді пайдалану және үнемдеу мәселесін талқылады.

Бұл – Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен қолға алынған ауқымды жобаның жалғасы. Астана қаласының білім басқармасы қолдау көрсетуде.

Оқушыларға су заңнамасын жетілдіру, цифрландыру, суды есепке алу және үнемдеудің заманауи технологиялары туралы айтылып және «Ашық микрофон» форматында су үнемдеу, өзен-көлдерді қорғау, мамандар даярлау жөнінде сұрақтарға жауап берілді.