Ақмола облысының үш ауылында топтық су құбырын салу жұмыстары аяқталуға жақын

Ақмола облысының үш ауылында топтық су құбырын салу жұмыстары аяқталуға жақын

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары
Ә. Әубәкіров Ақмола облысы Сандықтау ауданындағы Қызыл Поляна, Петриковка және Арбузинка ауылдарында топтық су құбырын салу нысанына барды.

Бұған дейін аталған елді мекендерде орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі болмаған. Жобаны іске асыру нәтижесінде үш ауылдың тұрғындары алғаш рет орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз етіледі.

Қазіргі уақытта ұзындығы 22,1 км болатын су құбыры, су алу құрылысы және су құбыры құрылыстарының екі алаңы салынды. Қажетті су дебитін қамтамасыз ету үшін қосымша екі ұңғыма бұрғыланды.

Қазіргі таңда ауылдарға су берілді. Нысанды іске қосу-баптау жұмыстары жүргізілуде.

Нысанға бару барысында Ә. Әубәкіров оның қазіргі жағдайымен танысып, жауапты тұлғаларға барлық жоспарланған жұмыстарды уақтылы аяқтап, нысанды пайдалануға беруді тапсырды.