
Комитет төрағасының орынбасары Ә. Әубәкіров Нұра топтық су құбырын реконструкциялау объектісіне, сондай-ақ Целиноград ауданының Талапкер, Қажымұқан ауылдарын сумен жабдықтау жүйесін салу объектісіне барды. Жұмыс сапары барысында құрылыс-монтаждау жұмыстарының ағымдағы барысы қаралып, учаскелерге тексеру жүргізілді, сорғы ұңғымаларының жай-күйі және пайдалану жұмыстарының орындалу барысы тексерілді. Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша мердігер ұйымдарға жұмыстардың қарқынын арттыру, объектілерді қажетті материалдармен және техникамен қамтамасыз ету бойынша тиісті тапсырмалар берілді.