
Төраға А. Жақанбаев жұмыс сапары аясында Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар және Есіл аудандарында болып, Соколов және Преснов топтық су құбырларындағы құрылыс-монтаж жұмыстарының барысымен танысты.
Нысандарды аралау барысында Төраға құрылыс жұмыстарының қазіргі қарқынын бағалап, мердігер ұйымдардың өкілдерімен жұмыс кеңесін өткізді. Кеңес барысында жобаларды іске асыру кезінде туындаған өзекті мәселелер қаралып, оларды жедел шешу жолдары талқыланды.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша құрылыс қарқынын күшейту, анықталған кемшіліктерді уақытылы жою және барлық жұмыстарды бекітілген кестеге сәйкес мерзімінде аяқтау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Соколов және Преснов топтық су құбырлары жобаларын іске асыру Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарын сапалы әрі сенімді ауыз сумен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалу барысы тұрақты бақылауда.