Қазақстан Республикасының Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Су шаруашылығы комитеті Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы «Найман» суару каналының реконструкциясын аяқтады.
Реконструкция барысында жалпы ұзындығы 26,02 шақырым каналға бетон төселді. Оның ішінде «Найман» каналы – 17,6 шақырым, «Қарой» каналы – 6,72 шақырым және Р-1 каналы – 1,7 шақырым.
Жобаны іске асыру нәтижесінде су ПК-198+00 пикетіне дейін үздіксіз жеткізіліп, каналдың соңғы бөлігіндегі су тапшылығы мәселесі шешілді. Соның нәтижесінде 650 гектар суармалы жердегі 74 шаруа қожалығы тұрақты сумен қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар, канал бойында су өткізу және су реттеу құрылыстары орнатылып, су пайдаланушылар арасында суды бөлу тиімділігі мен суару желісінің пайдалану сенімділігі артты.