
Батыс Қазақстан облысындағы Киров су қоймасы қайта жаңғыртудан өтті.
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тоған ауылындағы Киров су қоймасын қайта жаңғырту жұмыстарын толық аяқтады.
Жоба аясында Көшім су жеткізу каналына, бөгетке, пайдалану жолына, су тастау каналына, сондай-ақ Первомай, Бударин және Киров–Чижин магистральдық арналарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жобаның іске асырылуы гидротехникалық құрылыстардың сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға, суды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етуге, апаттық жағдайлардың алдын алуға және іргелес суармалы жерлердің сумен қамтамасыз етілу деңгейін жақсартуға мүмкіндік берді.
Барлық құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталды. Нысан пайдалануға қабылданды.