«Д.Қонаев атындағы ҮАК» магистральдық каналының апатты учаскелерін реконструкциялау ПК-130-дан ПК-138+86-ға дейін, ПК-166+70-тен ПК-170+14-ке дейін және ПК-223-тен ПК-226-ға дейін» жобасын іске асыру аяқталды.

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті ұзындығы 1530 м болатын «Д.Қонаев атындағы ҮАК» каналының апатты учаскелерін реконструкциялау жұмыстарын аяқтады.

Жоба аясында каналдың бұзылған учаскесі бөлшектеліп, монолитті темірбетонмен қаптау жұмыстары жүргізілді.

Жобаны іске асыру нәтижесінде каналдың техникалық жай-күйі жақсартылды. Су өткізу қабілеті арттырылды және суармалы алқаптардың 33,3 мың гектар аумағына тасымалдауға және бөлуге арналған судың шығындары азайтылды. Бұл қолайлы мелиорациялық жағдайлар жасауға мүмкіндік берді.

Барлық құрылыс-монтаж жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталып, биылғы жылдың вегетациялық кезеңін уақтылы бастауға мүмкіндік берді.