Комитет төрағасы А. Жақанбаев Солтүстік Қазақстан облысындағы сумен жабдықтау нысандарындағы құрылыс барысын тексерді

Комитет төрағасы А. Жақанбаев Солтүстік Қазақстан облысындағы сумен жабдықтау нысандарындағы құрылыс барысын тексерді

Комитет төрағасы А. Жақанбаев жұмыс сапары аясында құрылысы ұзаққа созылып, ұзақ мерзімді құрылыс нысандары санатына өткен Солтүстік Қазақстан облысындағы Преснов және Соколов топтық су құбырларының нысандарын аралады.

Тексеру барысында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан барлық учаскелер қаралып, құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалу барысы зерделенді. Сондай-ақ мердігер ұйымдармен жобаларды іске асыру мерзіміне әсер ететін өзекті мәселелер талқыланды.

Сапар қорытындысы бойынша нысандардың сенімді әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған қажетті техникалық шешімдер қабылданды. Құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтаудың нақты мерзімдері белгіленіп, жобаларды ағымдағы жылдың соңына дейін толық аяқтау міндеті қойылды.