
Комитет төрағасы А. Жақанбаев пен төраға орынбасары А. Әубәкіров жұмыс сапары аясында Көкшетау топтық су құбыры нысандарындағы құрылыс және реконструкция жұмыстарының барысымен танысты.
Сапар барысында құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуына ерекше назар аударылды. Нысандарды аралау қорытындысы бойынша жауапты ұйымдарға құрылыс қарқынын арттыру және орындалып жатқан жұмыстардың сапасына бақылауды күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету су шаруашылығы саласындағы негізгі басымдықтардың бірі болып қала береді.