
Төраға орынбасары Ә. Әубәкіров Ақмола облысының Қорғалжын ауданындағы Нұра топтық су құбырының 1-кезек 1-іске қосу кешені және 2-іске қосу кешендерін реконструкциялау нысандарын аралады.
Іссапар барысында мердігер ұйымдар, техникалық қадағалау және «Қазсушар» РМК пайдалану ұйымы өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізілді.
Кеңесте құрылыс-монтаж жұмыстарының іске асырылуына қатысты өзекті мәселелер қаралды. Кеңес қорытындысы бойынша мердігер ұйымдарға жұмыстарды бекітілген өндірістік жұмыс кестесіне сәйкес сапалы әрі уақтылы орындауды қамтамасыз ету тапсырылды.