Жұмыс сапары

Жұмыс сапары

Комитет өкілдері «Қазсушар» РМК пайдалану ұйымы және Қорғалжын ауданы әкімдігі бірлесіп Нұра топтық су құбырының 2-кезек 1-іске қосу кешенін реконструкциялау бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының басталу рәсімін өткізді.

Жобаны іске асыру нәтижесінде Ақмола облысы Қорғалжын ауданындағы жалпы саны 1,8 мың адам тұратын 6 елді мекен тұрақты ауыз сумен қамтамасыз етіледі.