
Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары А.Б. Аубакиров «Қазгипроводхоз» АҚ жобалау ұйымының өкілдері мен «Қазводхоз» РМК «Есиль су» филиалының мамандарының қатысуымен көшпелі кеңес өткізді. Кеңес барысында Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл өзенінде салынуы жоспарланған Булаев және Ишим бас су құрылыстарының жобалық шешімдері қаралды.
Аталған нысандардың өңір үшін стратегиялық маңызы зор екені атап өтілді, өйткені олар Солтүстік Қазақстан облысындағы шамамен 180 елді мекенді және Қостанай облысындағы 18 ауылды ауыз сумен қамтамасыз етеді.
Кеңес қорытындысы бойынша «Қазгипроводхоз» АҚ-на жобалық шешімдерді жетілдіру мақсатында бірқатар ескертулер мен ұсыныстар берілді.