
Төраға А. Жақанбаев климаттың өзгеруі мен Орталық Азияның су қауіпсіздігі мәселелеріне арналған сарапшылар талқылауына қатысты. Бұл кездесу Алматы қаласында «Алатау: жоғалып бара жатқан мұздықтардың ізімен» атты деректі фильмнің таныстырылымы аясында өтті.
Кездесу барысында мұздықтардың су ресурстарын қалыптастырудағы рөлі, сондай-ақ олардың азаюының өңірдің су және азық-түлік қауіпсіздігіне ықтимал әсері талқыланды.
Сонымен қатар су ресурстарын мониторингтеу жүйелерін дамыту, суды үнемдейтін технологияларды енгізу және өңірлік ынтымақтастықты нығайту қажеттігі атап өтілді.