
Комитет Төраға орынбасары Ә. Әубәкіров Целиноград ауданының Талапкер және Қажымұқан ауылдарындағы сумен жабдықтау жүйесінің құрылыс нысанына барды. Нысанға бару барысында ағымдағы жылға жоспарланған құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізілу мәселелері талқыланды. Кеңес қорытындысы бойынша мердігер ұйымдарға жоспарланған жұмыстарды сапалы әрі уақытылы орындауды қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар берілді.