
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитетінің өкілдері 2026 жылғы 31 қаңтарда Талапкер ауылының белсенділер тобымен, сондай-ақ «САПА ҚҰРЫЛЫС 2007» мердігер ұйымының, авторлық және техникалық қадағалау өкілдерінің қатысуымен «Ақмола облысы Целиноград ауданының Талапкер және Қажымұқан ауылдарына Покровское жерасты су кен орнынан су құбырын салу (I кезек)» нысаны басында кездесу өткізді.
Бүгінгі күнге дейін мердігер мекеме жобаға сәйкес көзделген барлық 19 ұңғыманы бұрғылау жұмыстарын аяқтады, 83,5 шақырым су құбырының 80 шақырымы тартылды (95,8%), электрмен жабдықтау үшін 400 темірбетон тірек орнатылды. Қазіргі уақытта бірінші көтерілімдегі сорғы станцияларын, су тазарту құрылыстарын, екінші көтерілімдегі сорғы станциясын, бастапқы және таза су резервуарларын, бақылау-өткізу пунктін салу жұмыстары жүргізілуде. Бірінші көтерілімдегі сорғы станциялары ғимараттарында іргетастар мен кірпіш қабырғаларын салу жұмыстары аяқталды. Буландыру тоғанына арналған құмды негізді төсеу жұмыстары 85%-ға орындалды. Су тазарту құрылыстары ғимараты мен әкімшілік ғимаратының шатырын және сэндвич-панельдерін орнату жұмыстары аяқталды. Су тазарту құрылыстары аумағында және бірінші көтерілімдегі 4 сорғы станциясының аумағында профлисттен қоршаулар орнатылды.