
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Үкімет Аппарат Басшысының бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың 26-27 қаңтары күндері ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі Е.Л. Тоғжановтың, ҚР Үкіметі Аппаратының өңірлік инспекторы А.С. Мәліктің және ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі, Су шаруашылығы комитетінің топтық су құбырларын дамыту басқарма басшысы Б.А. Тұрлыбековтің қатысуымен Қызылорда облысына іссапармен барып, халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі бойынша тексеру жүргізілді.