
Комитет қызметкерлері Түркістан облысы Ордабасы ауданында жүзеге асырылып жатқан «Найман» каналын реконструкциялау жобасы аясындағы құрылыс жұмыстарының барысына бақылау жүргізу мақсатында іссапармен барды. Іссапар барысында жоба талаптарына сәйкес акведуктің бетон жұмыстары кезінде технологиялық күтім шараларын сақтау, сондай-ақ Г тәрізді блоктарға ішінара демонтаж жұмыстарын жүргізіп, олардың арасындағы жіктерді жобаға сәйкес қалпына келтіру бойынша нақты тапсырмалар берілді.