2025 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2025 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті 2025 жылы су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту және жаңғырту жөніндегі іс-шараларды іске асыру аясында 262 жобаны жүзеге асырды.

Жобалардың жалпы санынан:

• 214 жоба – гидротехникалық құрылыстар бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу;

• 5 жоба – топтық су құбырлары бойынша ЖСҚ әзірлеу;

• 21 жоба – топтық су құбырларын салу және қайта жаңғырту;

• 13 жоба – гидротехникалық құрылыстарды салу және қайта жаңғырту;

• 9 жоба – ирригациялық-дренаждық жүйелерді жаңғырту.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Комитеттің барлық жоспарлы көрсеткіштері орындалды, 18 жобаның іске асырылуы аяқталды (оның ішінде: 11 – топтық су құбыры, 3 – гидротехникалық құрылыс, 5 – ПУИД жобалары).

ТОПТЫҚ СУ ҚҰБЫРЛАРЫН ДАМЫТУ

2025 жылы Комитет 6 өңірде топтық су құбырларының 1 489 км құрылысын және қайта жаңғыртуын көздейтін 21 инфрақұрылымдық жобаны іске асырды.

Жыл қорытындысы бойынша:

• 11 жоба бойынша пайдалануға беру актілері қабылданды;

• 2 жоба бойынша (Байқожа, Арбузинка) құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде.

Жылдық жоспар 37,5%-ға артығымен орындалды (жоспар – 8 жоба). Нәтижесінде жалпы саны 505 мың адам тұратын 268 елді мекенде орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау қамтамасыз етілді және жақсартылды.

ГИДРОТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСТАРДЫ ДАМЫТУ

2025 жылы төмендегі объектілерді салу және қайта жаңғыртуды көздейтін 13 жоба іске асырылды:

• 5 канал,

• 2 су қоймасы,

• 2 бөгет,

• 2 суару массиві,

• 1 плотина,

• 1 өзен арнасын тазалау учаскесі.

Жұмыстар республиканың 6 өңірінде жүргізілді.

Жыл қорытындысы бойынша 3 жоба аяқталды:

• «Албарбөгет» плотинасын қайта жаңғырту;

• «Р-6» каналын қайта жаңғырту;

• Қапшағай су қоймасын қайта жаңғырту.

Нәтижесінде: • жобалық көлемде суды қауіпсіз жинақтау мүмкіндігі қамтамасыз етілді;

• Қапшағай су қоймасының сенімділігі мен пайдалану тұрақтылығы артты;

• «Р-6» каналының су өткізу қабілеті қалпына келтіріліп, ПӘК-і артты;

• елді мекендерді су басу тәуекелдері төмендетіліп, тиісті өңірлерде мал шаруашылығын дамытуға қолайлы жағдай жасалды.

ИРРИГАЦИЯЛЫҚ-ДРЕНАЖДЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ ДАМЫТУ

2025 жылы Комитет 3 өңірде суармалы жерлердің 80 мың гектар аумағында су қамтамасыз етілуін және мелиоративтік жағдайын жақсартуға бағытталған ИДЖЖ-2 бойынша 8 жобаны іске асырды.

Жыл қорытындысы бойынша 5 жоба аяқталды, бұл:

• 44,6 мың гектар аумақта су қамтамасыз етілуін жақсартуға;

• ирригациялық желілердегі су шығындарын азайтуға;

• ауыл шаруашылығы өндірісі үшін тұрақты гидромелиоративтік жағдай жасауға мүмкіндік берді.

ЖОБАЛАУ-СМЕТАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМА

Комитет 214 жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстарын жүргізуде.

Жыл соңындағы жағдай бойынша:

• 53 жоба бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды;

• 80 жоба порталға орналастырылды;

• 81 жоба әзірлеу сатысында.