Басқарма басшысы Аскаров Д.Н. Түркістан облысындағы су шаруашылығы инфрақұрылымы объектілеріне — Р-6 каналы мен Қапшағай су қоймасына реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарға жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында реконструкция жұмыстарының барысы тексерілді. Нәтижесінде жауапты тұлғаларға реконструкциялау жұмыстарын белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтауды қамтамасыз ету жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.