Комитет төрағасының орынбасары Н.Н. Серіков «Албарбөгет» плотинасын реконструкциялау жұмыстарының аяқталу барысын бақылап қайтты. Сапар барысында орындалған жұмыстар тексерілді.

Комитет төрағасының орынбасары Н.Н. Серіков «Албарбөгет» плотинасын реконструкциялау жұмыстарының аяқталу барысын бақылап қайтты. Сапар барысында орындалған жұмыстар тексерілді.

«Албарбөгет» плотинасын реконструкциялау келесі учаскелерде көзделген: Көкалат ауылының бойында орналасқан «Арғынбай» дамбасы; «Жарық» дамбасы, оның ішінде «Жарық-1», «Жарық-2» учаскелері; «Большой» дамбасы; «Костам» дамбасы.

Сондай-ақ «Сор» көліне су жіберуге арналған екі су тастау құрылыстарын реконструкциялау жоспарланған. Жобаның іске асырылуы маңайдағы елді мекендердің су басу қаупін болдырмауға, сондай-ақ Қостанай облысының Жангелді ауданындағы мал азығы базасының жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.