
Жоба аясында ПК-130–ПК-138+86, ПК-166+70–ПК-170+14 және ПК-223–ПК-226 учаскелерінде жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін жоспарланған 1,5 км-дің 900 метрінде каналдың бетон қаптамасын монолитті темірбетонмен бөлшектеу және қайта қаптау жұмыстары аяқталды.
Жобаның іске асырылуы техникалық жағдайды жақсартуға, өткізгіштік қабілетті арттыруға, іргелес суармалы жерлердің аумағын ұлғайтуға және қолайлы мелиоративтік жағдайлар жасауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін арттырады.
Іссапар қорытындысы бойынша жобаны сапалы және уақытылы аяқтау жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.