Төраға орынбасары Ә.Б. Әубәкіров Түркістан облысындағы Сарыағаш топтық су құбырын салу жұмыстарының аяқталу барысын бақылап қайтты.

Төраға орынбасары Ә.Б. Әубәкіров Түркістан облысындағы Сарыағаш топтық су құбырын салу жұмыстарының аяқталу барысын бақылап қайтты.

Сапар барысында атқарылған жұмыстар тексерілді. Бүгінгі таңда диаметрі 630 мм, ұзындығы 35,4 шақырым болатын су құбырының негізгі бөлігі төсеу жұмыстары толық аяқталды. Қазіргі уақытта Келес өзені арқылы орнатылған әуе өткелін салынған су құбырымен түйістіру және жаңа су құбырын қолданыстағы сорғы станциясына қосу жұмыстары жүргізілуде.