Төраға орынбасары Ә.Б. Әубәкіров Батыс Қазақстан облысындағы Орда топтық су құбырын қайта жаңғырту жұмыстарының аяқталу барысын бақылап қайтты.

Төраға орынбасары Ә.Б. Әубәкіров Батыс Қазақстан облысындағы Орда топтық су құбырын қайта жаңғырту жұмыстарының аяқталу барысын бақылап қайтты.

Сапар барысында атқарылған жұмыстар тексерілді. Бүгінгі таңда ұзындығы 54,6 км болатын су құбырының толық төсеу жұмыстары аяқталды, қоса алғанда қолданыстағы су құбырына қосу (врезка) жүргізілді. Қазіргі уақытта қалған жұмыстар және анықталған ескертулерді жою шаралары жүргізілуде. Объектіні аралау қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар берілді. Жобаны іске асыру нәтижесінде сенімді сумен жабдықтау жүйесі 3 ауылды, соның ішінде Приволжск темір жолының маңызды торабы болып саналатын аудан орталығы — Жәнібек ауылын қамтамасыз ететін болады.