Жұмыс сапары барысында су құбырлары объектілеріне арналған құрылыс алаңдары мен тарату желілерінің жүргізілу деңгейі қаралды. Бүгінде жобаның жұмыстары барлық 10 ауылда атқарылуда. Оның ішінде 9 ауылда негізгі құрылыс, тарту және тарату желілерін жүргізу жұмыстары аяқталу кезеңіне жеткен. 20 қараша күні Қызылжар ауданына қарасты Новокаменка ауылына алғаш рет сынамалық режимде су берілді.