
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Ә.Б. Әубәкіров Нұра топтық су құбырын реконструкциялау жұмыстарының іске асырылу барысын бақылап қайтты. Сапар барысында бас су алу құрылыстары мен пайдалану жолдарының құрылыс жұмыстары тексерілді.
Бүгінгі таңда бас құрылыстарда жалпы құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын, пайдалану жолдарының негізі мен жол жамылғысын төсеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге, Кенбидайық және Арықты ауылдарына дейінгі учаскеде қайталама гидравликалық сынақтар өтуде. Сапар барысында жергілікті атқарушы органдар және Қорғалжын мен Егіндікөл аудандарының депутаттарымен кездесу өтті.
Іссапар қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар берілді.