Қазіргі уақытта нысанда су шығару құрылысын бетондау жұмыстары жүргізілуде, ал бөгет бойынша жер жұмыстары толық аяқталған. Іссапар қорытындысы бойынша жобада көзделген жұмыстардың сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.