
Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Арсен Жақанбаев "Nomad Plast" ЖШС өкілінің қатысуымен азаматтарды қабылдау өткізді.
Аталған компания - су жабдықтарына арналған арматура өндірісінде әлемдік көшбасшы Hawle Austria Group компаниясының серіктесі болып табылады.
Кездесу барысында "Nomad Plast" ЖШС өкілдері компанияның өнімдері мен технологияларын таныстырып, Қазақстанның су шаруашылығы нысандарында заманауи шешімдерді енгізу мәселелерін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар елдегі сумен жабдықтау мен су бұру жүйелерінің сенімділігін арттыру және дамыту мақсатында ынтымақтастық орнатуға дайын екендіктерін білдірді.