ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Болат Әлмұханұлы Исақов пен Ақмола облысы әкімінің орынбасары Елдос Рамазанов Ақмола облысы аумағында орналасқан “Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Талапкер және Қажымұқан ауылдарына дейін жер асты суларының Покровка кен орнынан су құбырын салу. 1-кезек” жобасы бойынша жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында құрылыс алаңымен танысып, мердігер ұйымдарға жоспарланған жұмыстарды сапалы әрі уақытылы орындау тапсырылды.