Комитет төрағасының орынбасары Ә.Б. Әубәкіров «Соколов топтық су құбырын қайта жаңғырту және ауылдық елді мекендерге таратушы желілерін салу (2-кезек)» және «Преснов топтық су құбырын қайта жаңғырту (1-кезек)» жобалары бойынша құрылыс жұмыстарының жүзеге асырылу барысын мониторингтеу мақсатында Солтүстік Қазақстан облысында болды.
Сапар барысында су құбырларын қайта жаңғыртуға қатысты жұмыс учаскелерін аралап, мердігер ұйымдар өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізді.
Іссапар қорытындысы бойынша мердігер ұйымдарға жоспарланған жұмыстарды сапалы әрі уақытылы орындау тапсырылды.