Төрағаның орынбасары Ә. Б. Әубәкіров «Ақмола облысы Целиноград ауданы Покровка жер асты сулары кен орнынан Талапкер және Қажымұқан ауылдарына дейін су құбырын салу» жобасы бойынша құрылыс жұмыстарының іске асырылу барысына мониторинг жүргізу мақсатында Ақмола облысында болды.
Ауданға бару барысында су құбыры құрылысының жұмыс учаскелерін тексерді, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен ҚР Мәжіліс Парламенті депутаттарының қатысуымен кеңес өткізді.
Кеңеске қатысушылар жобаны іске асырудың ағымдағы жағдайы туралы хабардар етілді. Сондай-ақ сумен жабдықтау объектілерін дамытудың өзекті мәселелері мен перспективалары талқыланды.
Сапар қорытындысы бойынша мердігер ұйымға жоспарланған жұмыстардың сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.