Құрметті құрылысшылар, сіздерді Су шаруашылығы комитеті ұжымы атынан кәсіби мерекелеріңізбен - Құрылысшылар күнімен құттықтаймын!
Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында инфрақұрылымның маңызды объектілері құрылып, жаңғыртылуда, экономикамыз дамуда, миллиондаған азаматтардың өмір сүру сапасы жақсаруда.
Сіздердің бірлесіп іске асырылып жатқан су шаруашылығы инфрақұрылымдарын дамытуға - гидротехникалық құрылысжайларды салу мен қайта жаңартуға қатысуларыңызды ерекше атап өткім келеді. Бұл жобалар өңірлердің тұрақты дамуының, елдің экологиялық және экономикалық қауіпсіздігінің кепілі болып табылады.
Сіздердің кәсібиліктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз және адалдықтарыңыз үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Сіздерге зор денсаулық, қуат, амандық, жаңа жетістіктер және барлық бірлескен жобаларды табысты іске асыруды тілеймін!
Құрметпен, Жақанбаев А.
Су шаруашылығы комитетінің төрағасы