Төраға А.А. Жақанбаев іс сапармен Ұлытау облысына барды.
Ұлытау облысында 2010 жылдан бері аяқталмай келген Есқұла топтық су құбырының құрылысын бақылап, биыл толық аяқтауға тапсырма берді.
Комитет тарапынан ауқымды жұмыс атқарылып, Жезқазған мен Сәтбаев қалаларын таза, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жоспары нақты жүзеге асып жатқанына көз жеткіздік.
Сондай-ақ, «Ұйтас–Айдос» су алу торабының екінші көтерме насос станцияларын реконструкциялау және Жезқазған қаласына дейін су құбырын тарту жобасының аяқталу барысымен танысты. Бұл маңызды жоба шілде айының соңына дейін аяқталуы тиіс.
Халықты таза ауыз сумен қамту – біздің басты міндеттеріміздің бірі. Жауапты органдарға нақты мерзім қойып, жұмысты сапалы әрі уақтылы аяқтауды тапсырды.