Төраға А.А. Жақанбаев ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ж.Т. Жөргенбаев және Мәжіліс депутаты Ж.С. Әшімжановпен бірлесіп, жұмыс сапарымен Алматы облысының Ұйғыр, Кеген, Райымбек (Нарынқол), және Еңбекшіқазақ аудандарын аралады. Сапар барысында өңірдегі су шаруашылығы нысандары – су қоймалары мен ирригациялық жүйелердің техникалық жағдайымен танысып, жергілікті тұрғындармен және мамандармен кездесті.
Іссапар аясында қолданыстағы және болашақта іске асырылуы тиіс жобалар бойынша өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, сумен қамтамасыз ету, су үнемдеу технологияларын енгізу, ирригациялық инфрақұрылымды жаңғырту мәселелері көтерілді. Төраға Министрлік атынан бұл жобаларға тиісті қолдау көрсетілетіні және шешімін қажет ететін түйткілдердің оңтайлы шешілуіне ықпал ететіндігі жөнінде өз ұстанымдарын білдірді.