Комитет төрағасының орынбасары Ә.Әубәкіров Ақмола облысы Целиноград ауданындағы Талапкер, Қажымұқан, Қараменді батыр, Арайлы ауылдары үшін сумен жабдықтау құрылыс объектілерінде болды.
Бүгінгі таңда 74 шақырым су құбыры салынды, жобамен көзделген 19 ұңғыманың барлығы бұрғыланды, 2-ші көтергіш сорғы станциясының, резервуарлардың және АБК ғимаратының құрылысы жүргізілуде.
Сапар қорытындысы бойынша Ә.Әубәкіров салынып жатқан су құбырының өңір тұрғындары үшін маңыздылығын еске салып, мердігерлік ұйымнан объектінің уақтылы және сапалы құрылысын талап етті.