Су шаруашылығы комитетінің басқарма басшысы Д. Аскаров 2025 жылдың 9 маусымынан 12 маусымы аралығында Түркістан облысындағы құрылыс объектілерін тексеру мақсатында Найман, Түлкібас, Қазыналық, Р-6 каналдары және Қапшағай су қоймасы құрылысымен танысып, мердігерлермен жиналыс өткізілді. Құрылыстың сапасына бақылауды күшейту және жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс жасауға тапсырма берілді. Ордабасы ауданының әкімімен кездесіп, объектілердің құрылысы туралы талқыланды.
Сонымен қатар, Қазсушар филиалы және жобалаушы «Улмад» ЖШС, «Су Жоба Құрылыс» ЖШС, «Жер-Ана» ЖШС, «МПК-Проект» ЖШС және «Сарытөбе» ЖШС мекемелермен кездесіп, жобаланып жатқан жұмыс жобаларын сапалы орындау бойынша тапсырма берілді.