2025 жылдың 11-ші маусымында Комитет төрағасының орынбасары Ә. Әубәкіров Ақмола облысы Сандықтау ауданындағы Красная Поляна, Петриковка және Арбузинка ауылдарында топтық су құбырының құрылыс объектілеріне барды.

Бүгінгі таңда ұзындығы 22 км су құбыры желілерін төсеу, 2 ұңғыманы бұрғылау және 103 ұңғыманы орнату бойынша негізгі жұмыстар аяқталды. 2-ші сорғы станциясының құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Авторлық, техникалық қадағалау сарапшыларымен бірлесіп жүргізілген тексеруден кейін мердігер ұйым өкілдеріне жұмыстардың сапасы мен орындалу қарқыны жөнінде ескертулер берілді.

Сондай-ақ, Бірлік ауылдық округінің әкімі А.И. Ибаевпен кездесу өткізіліп, онда ағымдағы мәселелер талқыланды.

Жобаның әлеуметтік маңыздылығына байланысты мердігердің алдына жұмыстарды сапалы және мерзімінде аяқтау міндеттері қойылды.