Төраға Арсен Жақанбаев өткен аптада жұмыс сапары аясында Батыс Қазақстан облысындағы су шаруашылығы нысандарын аралады.
Сапардың мақсаты – жобалардың іске асу барысымен танысу және оларды сапалы әрі уақтылы аяқтауды қамтамасыз ету.
Нысандарды аралау барысында мердігер ұйымдарға және жауапты тұлғаларға кемшіліктерді жою және жұмыстың қарқынын арттыру бойынша нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, бірқатар техникалық проблемалар анықталып, оларды Су шаруашылығы комитетінің техникалық кеңесінде жан-жақты қарау қажет екені белгілі болды.
Аталған мәселелерді Комитеттің алдағы техникалық кеңесінің күн тәртібіне енгізу және тиімді шешімдер қабылдау бойынша тиісті шаралар қабылдау тапсырылды.