Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті тұрақты негізде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды және олардың пайда болуына жағдай жасайтын алғышарттарды жою бойынша жұмыс жүргізеді.
Көліктік бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жөніндегі тиімді шаралардың бірі адами факторды барынша алып тастай отырып, цифрландыруды енгізу болып табылады.
Үкіметтің тапсырмасын орындау шеңберінде және автомобиль жолдарының мерзімінен бұрын тозуына жол бермеу мақсатында жүк көлігінің салмақтық параметрлерін өлшеудің автоматтандырылған станцияларын (АӨС) орнату бойынша жұмыс жүргізілуде.
Бүгінгі таңда республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарда 52 АӨС орнатылды. Еліміз бойынша барлығы 220 АӨС орнату жоспарлануда.
Сондай-ақ адами факторды, сонымен қатар оларды көлеңкелі нарықта қайта сату мүмкіндіктерді алып тастай отырып, шетелдік рұқсат бланкілерін бөлу тетігі қайта қаралды және толық цифрландырылды.
Өз кезегінде, Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің орталық аппаратында және аумақтық инспекцияларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
Ағымдағы жылдың басынан бастап Жамбыл, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстары бойынша көліктік бақылау инспекциясында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары тіркелді. Жоғарыда көрсетілген фактілер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылдау бойынша жұмыс жүргізілуде.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 18 сәуірінде Комитет қалалар мен облыстардың көліктік бақылау инспекцияларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметшілердің этикасын сақтау мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізді.
Кеңеске аумақтық инспекциялардың басшылары мен Комитет қызметкерлері қатысты, онда сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік төзімділік» қағидатын көрсету қажеттілігі тағы да атап өтілді.
Егер сіз көліктік бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісіне тап болсаңыз, Комитет және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің келесі сенім телефондары арқылы хабарлауды сұраймыз: 8(7172) 98-36-08 және 1424.